Skip to content
Наурыз 24, 2011 / e_zhalgas

Блог-құрылтай’11: есеп сөз

Алақай!

Бәрі бәрін айтып, бәрі түсірген фотоларын іліп, тіпті бәрі өз пікірлерін де жариялап тастады ғой деймін. Бірақ, қатысқан соң, арасында жүрген соң, бірдеңе деп қалайын дедім.

Блог-құрылтай өтті-кетті. Қызығын қорытып та үлгермей қалдық. Барлық жаңа таныстар мен қызық презентациялардың бәрі бір күнгі түстің болмашы жемісі сияқты тез зымырай кеткеніне өкініп те үлгермей қалған сияқтымын ше.

Фото жоқ! Сондықтан, бұл жазба соқыр мен мылқау сөз қыптының кері болатын сияқты. Сонда да бөлісейін дедім ғой.

Бірінші күнге дейін:

Жұма күнгі кешкі жиналысқа сұранып, асығыс бара қалсам, Патик бастаған тайм-киперлер командасы толық құраммен дайындыққа кірісіп кеткен екен.Шаманың келгенінше, барып кел-шауып кел болып жүрдің ортада біте қайнасып. Ортада Қисық пен Патиктің зілсіз әзілдеріне жарылысып дегендей.

Кешкісін жалпыблогкемптік танысу кешіне “Кермес” (атын дұрыс жаздым ғой, иа?) деген кафеге тартып тұрдық. Онда елден бұрын жетіп алыппыз. Келген блогерлермен танысып, араласып, бір-бірін реалда көріп, мәз-мейрам болысып қалды енді.

Қысқасы, 1-ші, әркім өзін таныстырды, 2-ші, әркімді көршісі таныстырды, 3-ші, бәрі бір-бірін таныстырды ма, бірдеңе болды енді. Соңында, блог-сектанттық ойынға кірістік.  Фотоларын салып қойса да болады екен. Іздестіріп көрейін. Өркеннің блогында бар деген сыбыс шықты, мына жақтан.

*Ал енді, ол бей(осы сөзде күлкім келед)-ресми ашылуынан соң, ішкі және сыртқы цензураның қарсылығына ұшырайтын ашылу салтанатына қарай тартылдық*. Ол туралы жеке сөйлескенде.

Ресми бірінші күн:

Таңғы бесте Морфейге қонаққа аттанған соң, КИМЭП-ке таңғы сағат 9-да кіріп бару сәл қиындау болды. Дегенмен, сағат 9-15-те өзімнің ресми тайм-киперлік орнымда отырдым (Патиктің назарына).

Енді, тайм-киперлік патриоттық міндетімді қалтқысыз түске дейін атқардым.

Тайм-кипер болып, тайм-киперлікті Патикке ресми түрде тапсырып, презентация қарап жүріп, әртүрлі адамдармен танысып, көңілді уақыт өткізіп жүріп, бірінші күнді де өткізіп жіберіппін. Қарасам, елдер қайда барамыз деп таласып жүр.

Екі қолды жоғары көтеріп жіберіп, воллейболға қарай барайын дедім. Өзі спорттан аулақ әлсізтігімді де ұмытып, бір серпіліп воллейболдаттық келіп. Әрине, ұтылдық. Ондай да сұрақ болады ма? Менің командам ұтылды дегенім ғой.

*Ішкі цензура мен сыртқы цензура тексеруінен өткен*

Ресми екінші күн:

Таңғы алтыда өз төсегіме жеткенімді есептемегенде жеткенше асығып,  таңғы сағат 9-50-де сонда болдым. Урра, барсам, мультимедиялық сабақтар жүріп жатыр екен. Ол туралы маған әлі ерте деген стереотиппен кішкене холлдағы блогерлермен сөйлесуге көштік. Қалжың мен жаңа жобалар идеясы туып жатты.

Кейінгі ретте Өркеннің өзімнің тікелей міндетіме орай келген презентациясының қайталауына барып қатысып, өзім үшін көп нәрсе үйрендім десеп артық емес шығар.

Англиялық қазақ жігіттердің де гугл адсенс пен гугл эдвөрд туралы презентациясы, Тимекеңнің ИТ-Риск менеджмент туралы презентациясы, сосын, Талғат Мауқанұлы (қате жаздым ғой деймін) деген кісінің қазақ тілінің транслитерациялығы туралы презентацияларына қатыстым. (Уххх, бітірдім!)

Қысқасы, сөзді ұзартпайын. Блог байқау мен стартаптар таныстыру болғанда. Твиттерлік міндетімді еске түсіріп, #blogquryltai ілмегінде репортажды Қуаныш екеуміз жарыса жүргізіп отырдық.

Сонымен, сахнаның пердесі жабылды. Бұл үлкен қойылым да өз соңына жетіпті қарап тұрсақ.

Ресми емес жабылуы, бей-ресми кездесулер. Жаңа идеялар жұққан белсенді блогерлер.Бәрі де осында болды ғой деймін.

Қазақ интернетінің болашағына жасалған қадам деп афористікке берілуге де болатын еді. Бірақ, неге? Ол қадам онсыз да жасалынып қойды ғой дедім.

P.S. Осы құбылыстың басы-қасында жүрген Асекеңе (Еркімбай), Ерекеңе (Азанбеков) және барлық блогер қауымға алғыс айту керек шығар.

Не жазып, не қойғанымды өзім де білмей қалдым. Мына көп әріпті қайта оқып отыруға шама жоқ, жариялай салайыншы.

Тағы айтайын фото жоқ!

  1. Ардақ / Mar 29 2011 11:43 am

    керемет ! !!

  2. Ардақ / Mar 29 2011 11:56 am

    жақсы өткізген күндер екен демекші мін ғо …

  3. Назира (estetika91) Бурханова / May 24 2011 8:22 am

    Тамаша жазылған! Бәрі керемет, бірақ, “Соқырға таяқ ұстатқандай етіп” көрсететін көріністерді өзің салып қоймағаның болмаса… Оқып отырып өзімді сол сәттің куәгері секілді сезіндім… Құрылтайға бара алмай қалғаныма қатты өкініп отырмын…)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.