Nokia E7: әуесқойдың пікірі
Маған Nokia E7 телефонын уақытша пайдаланып, өз ойымды жазуды өтінген еді. Телефонның қарапайым функцияларын ғана пайдаланып үйренгендіктен, бірден бас тартқан едім. Қарапайым қолданушының әуесқой пікірі де маңызды деген соң, өзіме бейтаныс сенсорлық экранды телефонды тестілеуге шешім қабылдадым.
Сонымен, міне ол:
Қолыма тиген телефон қара түсті еді. Nokia өкілдерінің сөзіне қарағанда, Қазақстан нарығында тек қана сұр және қара nokia e7 сатылымға түсетін көрінеді.
Тағы бір алдын-ала айта кететін нәрсе, телефон қалтасы жұқалар тіптен, ал орташалар біраз шашылып барып, қол жеткізе алады. Себебі, телефон отандық дүкендерде 800 АҚШ ақшасы көлемінде екен.
Телефонды қолға ұстағанға өте ыңғайлы. Өз орнын тауып, қолға жата кетеді. Дизайнерлік шешімнің сәтті шыққаны сонша, алғашында qwerty-пернелерді ашатын тетігін таппай қиналғаным бар.
Жалпы, телефон интернетпен жұмыс істегенге арналған ба дедім. Барлық танымал әлеуметтік желілерге (твиттер, фейсбук, т.б.) арнайы қосымшалары өзімен бірге, артық орнатуды қажет етпейді. Тіпті, барлық аккаунтты қатар ашып қойып, үздіксіз отыра беруге болатынын байқадым. Әрине, бұл жаңа фишка болмаса да, жоғарыда айтқанымдай, мендей “шәйнек” үшін ыңғайланып жасалған деп ойладым.
Э-поштаны пайдалану, тіпті бірнеше пошта-аккаунттарын қатар қолдану да қарастырылған екен. Ыңғайлы навигациялық интерфейсі де менің барлық көз-талаптарымды қандырды десе болады. Хат жазу, э-пошта арқылы файл жіберу және басқа да фукнцияларын алғаш рет пайдалансам да, түсінгенге қарапайым болып шықты.
Ал 4 дюймдік сенсорлық дисплеймен жұмыс істеу – керемет. Әрбір беттегі қосымшаларды реттеу, баптау және оларды барынша өзіңе ыңғайлы етіп орналастыру. Бірнеше күнтізбе (органайзер фанаттары үшін) уақытты реттеуге жақсы мүмкіндік береді екен.
Бір минусы – сенсордың жұмыс істеу жылдамдығы. Яғни, кей кездері сенсорлы экран қол таңбасына әсер етпей, кішкене “тормозданып” қалатыны бар. Ондайда, кішкене шыдамды бола тұруға тура келеді екен. Бірақ, бизнес-смартфондар үшін бұл артықшылық деп айту қиын. Ал, жеңілдеу әрі қолға ыңғайлы корпусы – жақсы.
Ал 8 мпикстік камера жоғары сапалы видео жасап қана қоймастан, оны сол сәтте әлеуметтік желілер арқылы бөлісуге де ыңғайластырылған екен. Ал батарейкасы ресми сипаттамада 3 күнге шыдайды, ал қосулы күйінде 18 сағат деп жазылған екен. Мен қосулы мультимедиалық күйінде 20 сағаттай пайдаланып көрдім. Бұл мен үшін рекорд болды.
Қысқасы, күнделікті менің интернеттегі және телефон байланысда болу талаптарымды толық орындады десе болады. Ал чат сияқты қарастырылған смс-алмасу тіптен ерекше екен. Өзіме ұнады.Айтпақшы, жады 16 гб және өзге тасымалдауыштардан файл қабылдауы да жылдам екен.
Қысқаша тестілеуді қорытқанда, бизнес-смартфон деп бағаланып жүрген nokia e7 кейбір “бірақтарды” ескермегенде “тормозданбайды” және интернетке шыққанға ыңғайлы, барлық аккаунттарды басқару, поштаны тез әрі жылдам пайдалану – керек деңгейінде.
Егер қаржы жетіп жатса, неге пайдаланбасқа…

Әуесқойдың пікірі мә әлде тестілеуге берген соң жазу керек па? ойыңды?
Ақшасына сай келмейді! Өте қымбат, менің оймыша 45-000 мыңның телефонымен ананың жұмысын істеуге болады, оған 2-3 есе артық төлеген тиімсіз.
телефонның тілі қазақшаланған ба
өкінішке қарай жоқ, qwerty-пернелерінде қазақша әріптер жоқ екен. соны жазамын ден ұмытыппын )))
қызық… ))